jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялауды қолдады

Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёль
Юн Сок Ёль. Фото: Hannah McKay/Getty Images

14 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда қазіргі президент Юн Сок Ёлға импичмент жариялау ресми түрде қолдау тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Оңтүстік Корея парламентінің Х желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік Корея парламентінің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған ақпарат тойынша президент Юн Сок Ёлға импичмент жариялау туралы заң жобасына 300 депутат дауыс берген:

  • 204 дауыс беруші қолдады;
  • 85 дауыс беруші – қарсы болды;
  • үшеуі дауыс беруден қалыс қалды;
  • сегіз дауыс жарамсыз деп танылды.

Айта кетейік, 3 желтоқсанда президент Юн Сок Ель елде әскери жағдай енгізген. Ол мұны конституциялық құрылымды "коммунистік күштерден" және Солтүстік Кореядан төнген қауіп-қатерден қорғау үшін қажет шара деп түсіндірген.

Оңтүстік Корея парламенті президент Юн Сок Ель енгізген әскери төтенше жағдай режимін алып тастауға дауыс берді.

Кейін Сеулдің жүз шақты тұрғыны Ұлттық ассамблея ғимаратының алдына жиналып, президент Юн Сок Ёльдің қызметтен кетуін талап етті.

Елдегі алты бірдей оппозиялық партиясы президент Юн Сок Ёльге қарсы импичмент жариялауды көздейтін заң жобасын ұсынды.

Оңтүстік Корея полициясы ел президенті Юн Сок Ельге қатысты тергеу жүргізе бастады.

Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялауды қолдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.