jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Новости русской службы Би-би-си

"Қызметтің де мәні кетеді": Асад Сириядан қашқаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Башар Әл-Асад
Башар Әл-Асад. Фото: JOSEPH EID/AFP via Getty Images

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад биліктен кеткеннен кейін алғаш рет мәлімдеме жариялап, Ресейге қашуды жоспарламағанын мойындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Асадтың мәлімдемесі дүйсенбі Сирияның бұрынғы президентінің Telegram-дағы арнасында жарияланды. Қазіргі уақытта ол арнаны кім басқаратыны белгісіз.

Осы арнада жарияланған мәліметке қарағанда, Сирия астанасы бүлікшілер қолына өткен соң Асад Ресейдің Латакия провинциясындағы әскери базасына "әскери операциялар барысын бақылауға" барған, алайда сол жерде Сирия әскері шегінгенін көрген.

Мәлімдемеге сәйкес, Хмеймим әуе базасы да "дрондар шабуылына ұшырап", Ресей әскерилері Асадты ұшақпен Мәскеуге жеткізу керек деп шешкен.

Араб және ағылшын тілдерінде таратылған мәлімдемеде Сирияның бұрынғы жетекшісі Ресей базасынан шыға алмай қалғанын айтқан.

"Базадан кету мүмкін болмағандықтан, Мәскеу база қолбасшылығына жексенбі, 8 желтоқсанда кешке тезарада Ресейге эвакуациялауды ұйымдастыруды тапсырған. Бұл (эвакуация) ертесіне, Дамаск құлап, соғыс әскери бекініс құлап, қалған мемлекеттік институттар тұралап қалғаннан кейін іске асты", - деп жазылған мәлімдемеде.

Свежая публикация по теме:
Ердоған Израильдің әрекетін қатаң сынға алды

9 желтоқсанда Ресей баспасөзі Асадтың саяси баспана алғанын жазды, алайда ресми мәлімдеме жарияланған жоқ. Кейін Кремль мәліметті растады.

Асадтың айтуынша, ол Сириядағы оқиғалар барысында қызметтен кетуді, елден қашуды ойламаған, оған осындай ұсыныс түспеген.

Бірақ мәлімдемеде "мемлекет содырлар қолына тап болғанда, оған ықпал ету мүмкіндігі қалмаған жағдайда, қызметтің де мәні кетеді" деп жазылған.

Сирия бүлікшілері қалаларды жаулап алып жатқан уақытта Асад көпшілік алдына шыққан жоқ. Сол себепті ол елден қашып кеткен болуы керек деген сыбыс тарады.

Reuters агенттігі өткен аптада Асад жақтастары мен туыстарын елден қашатыны туралы ескертпегенін жазды. Басылым дереккөзінің айтуынша, Асад елден кетерден бірнеше сағат бұрын арнайы қызмет пен армияның лауазымы жоғары шенеуніктерін жинап, "Ресейден әскери көмек келе жатқанын" айтқан.

Оның алдында Bloomberg агенттігі Асадтың елден қашуын Ресей барлау қызметі ұйымдастырғанын дереккөздер мәліметіне сүйене отырып таратқан.

"Қызметтің де мәні кетеді": Асад Сириядан қашқаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.