jitsu gif

Күдікті – 15 жастағы қыз: АҚШ-тың Мэдисон қаласындағы мектепте атыс болып, үш адам қаза тапты

Мэдисон қаласындағы Abundant Life христиан мектебінің алды
Мэдисон қаласындағы Abundant Life христиан мектебінің алды: Andy Manis/Getty Images

АҚШ-тың Висконсин штаты Мэдисон қаласындағы Abundant Life жекеменшік христиан мектебінде атыс болып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оқиға жергілікті уақытпен дүйсенбі таңертең сағат 11-лер шамасында болған.

Қалалық полиция басшысының айтуынша, күдіктінің аты-жөні анықталды. Ол – 15 жастағы Натали Рапноу. Полиция дерегінше, күдікті өзін атып, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.

Бұған дейін ол христиан мектебінің бір оқушысы мен мұғалімін атып өлтірген, тағы алды адамды жаралаған.

"Атыс түрлі сынып оқушылары бірге оқитын класста болған", - деп мәлімдеді полиция басшысы Шон Барнс.

Полиция мәліметінше, атыс кезінде жараланған алты адамның екеуінің жағдайы ауыр. Бір мұғалім мен үш оқушының жарақаты жеңіл. Олардың екеуі ауруханадан шыққан.

CNN дерегінше, Мэдисон мектебіндегі атыс осымен 2024 жылы білім мекемесінде жасалған 83-шабуыл болып отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.