jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

"Жапаровтан басқа кім бар": қырғыз арнайы қызметінің басшысы Тәшиев президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді

Қамшыбек Тәшиев
Қамшыбек Тәшиев. Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Қамшыбек Тәшиев сейсенбідегі брифингте 2026 жылы президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ kabar.kg сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қырғызстандағы ең ықпалды саясаткерлердің бірі Қамшыбек Тәшиевтің айтуынша, қазіргі президент Садыр Жапаровтың тағы бір мерзімге президент сайлауына түсуге құқығы бар.

"Мен екі жылдан кейін президент сайлауына түспейтін. Садыр Жапаровты толықтай қолдаймын. Біз одан басқа кімді қолдай аламыз? Бекназаров немесе Равшан Жеенбековті ме? Әлде бізге Атамбаевты тағы да президент қызметіне тағайындауымыз керек пе? Одан не шыққанын бәріміз білеміз", - деп мәлімдеді Тәшиев.

Арнайы қызмет басшысының пікірінше, Садыр Жапаров жақсы жұмыс істеп жүргендіктен соған қолдау көрсету керек.

Садыр Жапаров 2020 жылғы қазанда парламент сайлауынан кейінгі жаппай наразылық нәтижесінде билікке келген. Ол 2021 жылғы қаңтарда президент қызметіне сайланған.

Жапаров 2020 жылы генерал-полковник Қамшыбек Тәшиевті ҰҚМК басшысы қызметіне тағайындады. 2022 жылы Тәшиев Қырғыз Республикасының батыры атағын алды.

"Жапаровтан басқа кім бар": қырғыз арнайы қызметінің басшысы Тәшиев президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.