jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Тынық мұхиты маңындағы елдердің бірінде 7,3 балдық қатты жер сілкінісі болды

Вануатудағы жер сілкісінен кейін
Вануатудағы жер сілкісінен кейін. Фото: STR/AFP via Getty Images

Вануату жағалауында күшті жер сілкінісі болды. Ел астанасы Порт Вилада көптеген нысан қираған. Сонымен қатар әкімшілік және өкілдіктер ғимараттары зақымданды.

DW мәліметінше, магнитудасы 7,3 болатын жер сілкініс, одан кейін 5,5 баллдық афтер дүмпу болған. Бір адам көз жұмғаны хабарланды.

Куәгерлердің айтуынша, Порт Виладағы көп ғимарат қираған.

Басылым мәліметінше, Америка Құрама Штаттары мен Жаңа Зеландия Ұлыбританияның жоғарғы комиссиясы мен Франция елшілігімен бір кешенде орналасқан өкілдіктерге айтарлықтай зиян келгені расталды.

Куәгерлердің айтуынша, АҚШ елшілігі орналасқан нысанның жоғарғы қабаттары құлаған.

Қызыл Крест топтары зардап шеккен қауымдастықтарға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Цунами туралы ескерту жарияланды, бірақ жер сілкінісінен 2 сағат өткен соң ескерту алынды.

Тынық мұхиты маңындағы елдердің бірінде 7,3 балдық қатты жер сілкінісі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.