Зеленский Байден әкімшілігін қару-жарақ жеткізуді кешіктіргені үшін сынға алды
Жарияланған күні:
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Байден әкімшілігін Украина қарулы күштеріне әскери көмек жеткізуді кешіктіргені үшін сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мемлекет басшысы бұл пікірін облыстық билік өкілдерімен кездесуінде білдірген.
Зеленскийдің сөзінің аудармасын ТАСС агенттігі жариялады.
"Олар шешімдер санын, пакеттерін, қаржы көлемін арттырып жатыр. Бірақ мұны дәл қазір, мерзімнің соңына қарай көбейтіп жатқандары өкінішті. Себебі бұл жеткізілімдер өткен жылы баяу жүзеге асырылды", - деді Украина басшысы.
РБК агенттігінің хабарлауынша, Зеленский қару-жарақ жеткізудегі кешігулердің Украина қарулы күштерінің жағдайына теріс әсер еткенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл әсіресе ұрыс алаңындағы жауынгерлер үшін "ауыр соққы болды".
Сонымен қатар Украина президенті Вашингтонды уәде етілген көмектің, соның ішінде гуманитарлық қолдаудың, әлі де толық көлемде жеткізілмегені үшін айыптады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2201507-zelenskii-baiden-akimshiligin-qaru-zharaq-zhetkizudi-keshiktirgeni-ushin-synga-aldy/