jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Индонезияда әйелдер мен балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты төтенше жағдай енгізілді

Индонезиядағы төтенше жағдай
Индонезия туын көтерген бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Индонезия үкіметі елде әйелдер мен балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықтың өршуіне байланысты төтенше жағдай енгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Antara агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және балаларды қорғау министрі Арифа Фаузи төтенше жағдай жариялау туралы хабарлады.

Оның айтуынша, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тек министрліктер мен мекемелер арасындағы ынтымақтастық арқылы мүмкін болады.

"Біз бұл мәселені жалғыз шеше алмаймыз. Өкілеттіктеріміз бен бюджетіміз шектеулі. Дегенмен барлық тараптың бірлескен жұмысы арқылы бұл қиындықтарды еңсере аламыз", - деді министр.

Индонезия халқының жартысына жуығы әйелдер (49,42 пайыз), ал балалар 31,6 пайызды құрайды. Сондықтан, министрдің сөзінше, бұл топтарды қорғау мәселесі ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін өте маңызды.

Зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күресудің кешенді шаралары қабылданатыны айтылды. Үкімет тиісті ведомстволармен бірге ресурстарды біріктіріп, зорлық-зомбылыққа ұшырағандарды қорғау және кінәлілерді жауапқа тарту механизмдерін жетілдіруге күш салмақ.

Индонезияда әйелдер мен балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты төтенше жағдай енгізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.