jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Мәскеуде генерал Кирилловтың өлімі: күдікті ретінде Өзбекстан азаматы ұсталды

Ресейдегі теракт
Оқиға орны. Фото: Anadolu/Getty Images

Мәскеуде генерал Игорь Кириллов пен оның көмекшісі Илья Поликарповтың өліміне себеп болған терактіге күдікті ретінде Өзбекстан азаматы ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ресей тергеу комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ресей тергеу комитетінің бас тергеу басқармасының тергеушілері ФҚҚ және Ресей ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, лаңкестік әрекетті жасады деген күдікпен Өзбекстан Республикасының 1995 жылы туған азаматын ұстады. Теракт салдарынан Ресей Қарулы күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің бастығы Игорь Кириллов пен оның көмекшісі Илья Поликарпов қаза тапты. Ұсталған күдікті тергеушілерге жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген департамент жарияланған мәлімдемеде.

Тергеу барысында күдікті өзін Украинаның арнайы қызметі жұмысқа алғанын мойындады. Олардың тапсырмасымен Мәскеуге келгенін және қолдан жасалған жарылғыш затты генерал Кириллов тұратын үйдің кіреберісіне қойғанын мәлімдеді.

"Күдікті электр скутерін пайдаланып жарылғыш затты орналастырған. Әскери қызметшінің тұрғылықты жерін бақылау үшін көлікті жалға алып, бейнебақылау камерасын орнатқан. Камерадан тікелей бейне көрсетілімді Днепр қаласындағы теракт ұйымдастырушыларына жіберіп отырған. Әскерилер подъезден шыққан сәтте, ол қашықтан жарылғышты іске қосқан", - делінген хабарда.

Тергеу мәліметінше, қылмыскерге бұл әрекеті үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілуге тиіс болған және оған Еуропа елдерінің біріне көшуге кепілдік берілген.

Қазір РФ тергеу комитетінің мәліметінше, осы қылмысты ұйымдастыруға қатысы бар басқа да тұлғалар анықталуда.

Мәскеуде генерал Кирилловтың өлімі: күдікті ретінде Өзбекстан азаматы ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.