Франция Жоғарғы соты экс-президент Саркози үкімін өзгеріссіз қалдырды
Жарияланған күні:
Франция Жоғарғы соты сәрсенбі күні елдің бұрынғы президент Николя Саркозиге жемқорлық айыбымен шығарылған үкімді күшінде қалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Саркози сыбайласқан жемқорлық пен ықпал жүргізу айыптары бойынша 2021 жылы шыққан үкімге шағымданған. Сол кезде ол үш жылға сотталған. Жазаның екі жылы шегеріліп, Саркозиді бір жыл бойы қайда жүргенін анықтайтын электрон сақина тағып жүруге міндеттеген.
Биліктен 2012 жылы кеткеніне қарамастан, Францияда ықпалды саясаткерлердің бірі болып қалған Саркозидің үстінен судьяға пара беруге талпынды, 2007 жылғы сайлау науқанын қаржыландыруды тергеу туралы құпия ақпаратты ықпал етуге алмастырмақ болды деген айыптар бойынша іс қозғалған.
Төменгі инстанциядағы сот Саркозиді де, судья Жильер Ашибертті де кінәлі деп таныған.
2025 жылы Саркози президент сайлауы науқанындағы жемқорлық қылмысы бойынша сот алдында жауап береді. Тергеушілер 2007 жылғы президент науқанын Ливия заңсыз қаржыландырды деп есептейді. Саркози айыптарды жоққа шығарып отыр.
Егер Саркози ливиялық іс бойынша кінәлі деп танылса, онда экс-президент 10 жылға сотталуы мүмкін.
Саркозиге дейінгі президент Жак Ширак та 2011 жылы жемқорлық қылмысы үшін сотталып, қазіргі Франция тарихында түрмеге түскен жалғыз президент атанған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2201987-frantsiia-zhogargy-soty-eks-prezident-sarkozi-ukimin-ozgerissiz-qaldyrdy/