jitsu gif branding logo appbranding logo app

Хорватия астанасында бастауыш мектепке шабуыл жасалып, жеті жастағы қыз мерт болды

Пышақ
Пышақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Загреб қаласындағы бастауыш мектепке жасалған шабуылдан жеті жастағы оқушы қыз мерт болып, тағы сегіз адам жараланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, 19 жастағы бозбала жұма күні таңертең бастауыш мектептің бірінші сыныбына пышақ ала кірген. Ол мұғалім мен бірнеше балаға шабуылдаған. Күдікті бұрын осы мектепте оқыған болуы мүмкін.

Зардап шеккендерді ауруханаға тікұшақтармен жеткізген. Ауыр жараланған мұғалім ауруханаға түсті.

"Күдікті қамауда отыр. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп мәлімдеді Загреб полициясы.

Куәгерлердің айтуынша, адамдар мектеп ғимаратынан жүгіріп шығып жатқан уақытта сол ауданға жедел жәрдем көліктері келе бастаған. Әлеуметтік желілерде ондаған адамның мектептен қашып шығып жатқан видеолары тарады.

Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович қайғылы оқиғаға бүкіл елдің қабырғасы қайысты деп мәлімдеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.