jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Магдебургтегі рождестволық базарда көлік бір топ адамды қақты (фото, видео)

Германиядағы лаңкестік оқиға
Апат орны.Фото: Heiko Rebsch/picture alliance via Getty Images

Магдебургтегі рождестволық базарда көлік бір топ адамды қағып кетті. Германия билігі 80-нен астам адам жараланғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 19:04-те болған. Алдын ала мәлімет бойынша, күңгірт түсті BMW бір топ адамды қаққан. Жүргізуші бірден ұсталды.

Қала баспасөз хатшысы Майкл Рейф бұл оқиғаны "Рождестволық базарға жасалған шабуыл" деп атап, лаңкестік актінің болғанын растады. Дегенмен, неміс полициясы бұл мәлімдемені әлі нақтылаған жоқ.

Қылмысорнында жедел жәрдем қызметкерлері кезекшілік атқарып, жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуде. Қауіпсіздік мақсатында базар жабылып, трамвай қозғалысы уақытша тоқтатылды.

DW басылымының хабарлауынша, Магдебургтегі Рождестволық базарға келушілерді бар жылдамдықпен қаққан көлік жүргізушісінің Сауд Арабиясының тумасы екені анықталды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ол Германияда психиатр болып жұмыс істеген және Бернбург қаласында тұрған. Бұл қала Магдебургтен 50 км жерде орналасқан.

Күдіктінің Германияда ұзақ тұруға рұқсаты болғаны хабарланды. Сонымен қатар оның Сауд Арабиясынан келген әйелдерге елден қашуға көмектесу бойынша кеңес беріп жүргені туралы ақпарат пайда болды. Оның осы тақырыпта арнайы жеке веб-сайты болған және ол Германияда саяси баспана беру мәселелерімен де айналысқан.

BILD-тің хабарлауынша, Германия канцлері Олаф Шольц X платформасындағы жазбасында былай деп жазды:

"Магдебургтен жеткен хабар нашар болжам жасауға мәжбүрлейді. Құрбандардың жақындарына көңіл айтамын. Біз солардың, Магдебург тұрғындарының жағындамыз. Осы қиын сағаттарда құтқару қызметтеріне ризашылығымды білдіремін".

Магдебургтегі рождестволық базарда көлік бір топ адамды қақты (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.