Александр Лукашенко жетінші мәрте президент сайлауына түспек
Жарияланған күні:

Беларусь орталық сайлау комиссиясы 2025 жылы қаңтарда өтетін президент сайлауына үміткерлер тізімін жариялады. Арасында Александр Лукашенко да бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ БелТА агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Басылым мәліметінше, ОСК елдің қазіргі президенті Александр Лукашенконы мемлекет басшысы қызметінен үміткер ретінде тіркеген.
Сонымен бірге президент сайлауына жеке кәсіпкер Анна Канопацкая, Беларусь либерал-демократиялық партиясының төрағасы Олег Гайдукевич, Республикалық еңбек және әділет партиясының төрағасы Александр Хижняк, Коммунистік партия басшысы Серей Сыранков түседі.
Сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат 2025 жылы 1 қаңтарда басталып, 25 қаңтарда аяқталады. Ал президент сайлауы 26 қаңтарда қтеді.
Александр Лукашенко 1994 жылғы 20 шілдеден бері билікті басқарып отыр. Осы уақыт аралығында ол алты мәрте – 1994, 2001, 2006, 2010, 2015 және 2020 жылдары президент сайлауына түсіп, ОСК оны жеңімпаз деп таныған.
2020 жылғы тамыздағы сайлауда Лукашенкоға оппозиция атынан Светлана Тихановская бәсекелес болды. Сол кезде Орталық сайлау комиссиясы Лукашенко 80,1, ал Тихановская 10,1 пайыз дауыс жинады деп жариялаған. Президент сайлауынан кейін Беларусьте жаппай наразылық акциясы басталып, бірнеше айға созылған.
Беларусь заңдарына сәйкес, мемлекет басшысын дауыс беру құқығына ие азаматтар бес жылға сайлайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2203772-aleksandr-lukashenko-zhetinshi-marte-prezident-sailauyna-tuspek/