Бас прокуратураның талабынан кейін Ресейде мұсылмандарға көп әйел алуға рұқсат берілмейтін болды
Жарияланған күні:

Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шамиль Аляутдинов көп әйел алуға діни рұқсат беретін пәтуаның (түсіндірменің) күшін жою туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Тиісті мәлімдеме Аляутдиновтың Telegram-дағы арнасында жарияланды. Оның айтуынша, бұл шешім бас прокуратураның пәтуаны жою туралы ұсынысы мен қоғам тарапынан болған наразылықтарға байланысты қабылданған.
"Бұл Құдайдың қалауы, Ресей мұсылмандары діни басқармасының үлемдер кеңесі дау шығарудың мәні жоқ деген пікірде", - деді Аляутдинов.
Өткен аптада БАҚ үлемдер кеңесінің мұсылмандарға белгілі бір жағдайларда төрт ретке дейін діни неке қиюға рұқсат бергенін хабарлаған болатын. Бұл рұқсат тек нақты талаптарды орындаған жағдайда ғана берілген. Мысалы:
- Қазіргі жұбайының денсаулық жағдайына байланысты бала көтере алмауы;
- Репродуктивті жастың аяқталуы;
- Ерлі-зайыптылардың жыныстық үйлесімсіздігі.
Сонымен қатар ер адам жаңа некеге тұру ниетін қазіргі жұбайына міндетті түрде айтуға тиіс еді.
РБК мәліметінше, бас мүфти, басқарма төрағасы шейх Равиль Гайнутдин пәтуаның негізгі мақсаты полигамиялық некедегі әйелдер мен балаларды қорғау екенін мәлімдеді.
"Бұл зайырлы заңнамаға қол сұғу емес, тек діни некеге қатысты түсіндірме," - деп мәлімдеді ол.
Алайда Ресей Федерациясының Отбасы кодексінің 14-бабына сәйкес, "кем дегенде біреуі басқа тіркелген некеде тұрған адамдар" арасындағы некені тіркеу мүмкін емес.
Мәскеу мүфтиі Ильдар Аляутдинов жариялаған түсініктемеде пәтуа бұл бапқа қайшы келмейтіні айтылады, өйткені ол неке кезінде де-факто қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жоққа шығармайды.
23 желтоқсанда Бас прокуратура Ресей мұсылмандары діни басқармасына ұсыныс енгізіп, бұл пәтуаның елдің рухани және адамгершілік құндылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік отбасылық саясатқа қайшы келетінін мәлімдеді.
Нәтижесінде мұсылмандар діни басқармасы көп әйел алуға рұқсат беретін пәтуаны күшін жойды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2203977-reseidegi-bas-prokuraturanyng-talabynan-keiin-musylmandarga-kop-aiel-aluga-ruqsat-berilmeitin-boldy/