Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

НАСА ғарыш зонды адамзат тарихында алғаш рет Күнге жақындай түседі

Жарияланған күні:

Parker Solar Probe зонды
Parker Solar Probe зондын ұшыру. Фото: Bill Ingalls/NASA via Getty Images

НАСА-ның Parker Solar Probe ғарыш зонды адамзат тарихында алғаш рет Күнге өте жақын маңнан ұшып өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Parker Solar Probe жұлдыздың ішкі дендеп еніп, өте жоғары температура мен шамадан тыс радиацияға төтеп беріп келеді.

Температураның өте жоғары болғаны сонша, бірнеше күн аппаратпен байланыс үзілген. Ғалымдар зондтың аман өткенін 28 желтоқсанда ғана біле алады. Сол күні зонд Жерге мәлімет жолдауы керек.

НАСА мамандары ғарыш зонды Күн құрылысын жақсырақ түсінуге көмектеседі деп үміттеніп отыр.

"Адамдар Күнді көптеген ғасырдан бері зерттеп келеді, бірақ жұлдызға барып көрмейінше, оның атмосферасы неден тұратынын нақты біле алмаймыз", - дейді НАСА ғылыми бөлімінің жетекшісі Никола Фокс.

Parker Solar Probe ғарыш зонды Күн жүйесінің орталығына 2018 жылы аттанған.

Ол осымен 21 мәрте Күнге жақын маңнан ұшып өтіп, біртіндеп жақындай берді. Осы жолы ғарыш аппараты жұлдызға одан бетер жақындай түседі.

Зонд пен Күн арасын бар болғаны 6,2 млн км қашықтық бөліп тұрады.

Соншалықты жақын еместей көрінуі мүмкін, бірақ Никола Фокс былай деп түсіндірді:

"Біз Күннен 149 млн км қашықтықта орналасқанбыз. Күн мен Жер арасы бір метр десек, онда Parker Solar Probe жұлдыздан бар болғаны төрт сантиметр қашықтықта орналасқан болып шығады, яғни Күнге өте жақын".

Ғарыш зонды 1400 градус температура мен радиацияға төтеп беруге тура келеді. Радиация борттағы электрониканы істен шығарып жібере алады.

Сол себепті зонд қалыңдығы 11,5 см көміртек қалқанымен қапталған. Аппарат күнге күйіп кетпес үшін өте жоғары жылдамдықпен жұлдызға жақындап, содан кейін одан тез арада алыстауы керек.

Parker Solar Probe адамзат ойлап тапқан кез келген нысаннан жылдам қашықтықпен ұшады. Оның жылдамдығы сағатына 692 мың километрге жетеді, яғни Лондоннан Нью-Йоркке дейін 30 секундтан аз уақытта жетуге болатын жылдамдық.

Күн
Күн. Фото: Manuel Romano/NurPhoto via Getty Images

Ғалымдар ғарыш зондының көмегімен Күн тәжінің не себепті ыстық екенін білгісі келеді.

"Тәж өте, өте ыстық. Неге сонша ыстық екенін біз білмейміз", - дейді Уэльстегі Fifth Star Labs зертханасының астрономы Дженифер Миллард.

"Күн бетінің температурасы шамамен 6000 градус, бірақ оның тәжіндегі температура миллион градусқа дейін көтеріледі. Күннің сыртқы атмосферасында, одан қашықта екеніне қарамастан, тәж неге сонша ыстық?", - деген сауалға ғалымдар талай мәрте бас қатырған, бірақ нақты жауабын таба алмаған.

Parker Solar Probe Күн желінде де зерттеуге көмектеседі, себебі одан шығатын жел Жерге, оның тұрғындарының күнделікті өміріне қатты әсер етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2204321-nasa-garysh-zondy-adamzat-tarihynda-algash-ret-kunge-zhaqyndai-tusedi/