jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Новости русской службы Би-би-си

"Молдованы өркендетуге бар күшімді жұмсаймын": Майя Санду екінші мәрте президент қызметіне кірісті

Майя Санду инаугурациясы
Майя Санду инаугурациясы. Фото: ELENA COVALENCO/AFP via Getty Images

Молдовада қайта сайланған президент Майя Сандудың инаугурациясы салтанаты өтті. Екінші мәрте президент атанған саясаткер елін өркендету үшін бар күш-жігерін жұмсауға уәде берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Кишиневтегі Республика сарайындағы ұлықтау салтанатына 500-ге жуық адам жиналды.

"Бар күш-жігерімді, білімімді Молдова Республикасын өркендетуге, Конституциясы мен заңдарын сақтауға, демкоратияны, адам құқықтары мен еркіндігін, сонымен бірге Молдова аумағының тұтастығын, бірлігін, тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға ант беремін", - деді президент.

Санду биыл қарашада өткен президент сайлауында жеңіске жетіп, екінші мәрте мемлекет басшысы атанды.

Оның билігі кезінде Молдова Еуроодаққа мүше болуға үміткер мәртебесіне ие болды. Жергілікті саясаттанушылар республика ұйымға 2030 жылы мүше болады деп үміттенеді.

Майя Сандудың мемлекет басшысы қызметіне кірісу салтанатына елдің бұрынғы президенттері Петр Лучинский мен Николай Тимофти қатысты.

Молдовада президент төрт жылға сайланады.

"Молдованы өркендетуге бар күшімді жұмсаймын": Майя Санду екінші мәрте президент қызметіне кірісті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.