jitsu gif
Новости русской службы Би-би-си

Сирияның жаңа билігі бүлікшілер қаруды тапсыруға келіскенін мәлімдеді

Сирия қауіпсіздік күштері
Сирия қауіпсіздік күштері. Фото: OMAR HAJ KADOUR/AFP via Getty Images

Сирияда Башар Асад жүйесін құлатқан оппозициялық топтар қарулы жасақтарын таратып, оның орнына елдің біртұтас ұлттық армиясын құруға келісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Хайят Тахрир аш-Шам" ислам қозғалысын басқаратын әл-Шараа басқа да бірнеше қарулы оппозициялық топ жетекшісі алдында осылай деп мәлімдеген.

Алайда олардың арасында Сирияның солтүстік-шығысына бақылау орнатқан күрдтер өкілі болмаған.

"Түрлі жасақтардың бәрі қайта құрылған Қорғаныс министрлігінің бақылауындағы жаңа ұлттық армияға бірігеді", - деді әл-Шараа.

Өткен аптада осы министрлікті қозғалыстың тағы бір жоғары лауазым иесі Мұрхаф Әбу Касра басқаратыны мәлім болған.

Мемлекеттік SANA ақпарат агенттігі жариялаған бірнеше суретте Ахмед әл-Шараа (бұрын Әбу Мұхаммед әл-Жулани әскери лақап атымен мәлім болған) Сириядағы бірнеше қарулы топ басшыларының ортасында тұр.

Жақында әл-Шараа Сирияның жаңа билігі "елде мемлекетке бағынбайтын ешқандай күшке жол бермейтінін" мәлімдеген. Оның осы сөздері күрдтерге қарата айтылғандай көрінген.

Жаңа билік "Сирия бөлінбейді" дей отырып, күрд аумақтарын да біріктіру әдісін табатынын мәлімдеген.

2011 жылы Араб көктемі ықпалымен Сирияда басталған азамат соғысы 13 жылға созылып, жарты миллионнан аса адамның өмірін жалмады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.