jitsu gif branding logo appbranding logo app

Владикавказда сауда орталығында жарылыс болды (видео)

Владикавказда өртенген сауда орталығы
Владикавказда өртенген сауда орталығы. Видеодан алынған кадр: t.me/mash

Ресейде Солтүстік Осетия астанасында орналасқан "Алания Молл" сауда орталығында жарылыс болып, бірнеше адам зардап шекті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Республика басшысы Сергей Меняйлоның хабарлауынша, жарылыс салдарынан бір әйел қаза тапты.

"Зардап шеккендер туралы мәлімет: бір әйел мерт болды. Ол оқыс оқиға кезінде ғимарат ішінде болған. Тағы бір зардап шеккен адамның жағдайы тексеріліп жатыр", - дейді өңір басшысы.

"Вести Алания" басылымының мәліметінше, сауда орталығының терезелері шағылып, ғимараттың жоғары қабаты жанып жатыр.

Telegram-дағы SHOT арнасы оқыс оқиғадан тоғыз адам зардап шеккенін хабарлады. Арна мәліметінше, сауда орталығының төртінші қабатында газ жарылған. 800 шаршы метр жерді от шарпыған.

Ресей төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметінше, ғимараттың үшінші қабаты мен шатырдағы 800 шаршы метр жер өртенді.

Меняйлоның айтуынша, жарылыс болған маңда шұғыл штаб құрылды. Құқық қорғаушылар мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

"Не болғанын анықтауға кірістік", - деп жазды республика басшысы.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.