Top.Mail.Ru

Зектілері

Израильдің Газадағы соққысынан бес журналист қаза тапты

Жарияланған күні:

Газа секторы
Палестиналық баспасөз. Көрнекі сурет: Morteza Nikoubazl/NurPhoto via Getty Images

Изриальдің Газа секторының орталық аудандарына жасаған соққысынан кем дегенде бес журналист қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Израиль билігіне Түркиямен соғысқа дайын болуға кеңес берілді

Телеарнаның жергілікті аурухана мәліметіне сүйене отырып хабарлауынша, Al-Quds Today Television телеарнасының сектордағы Al-Awda ауруханасы маңында тұрған автомобиліне бомба түскен.

Жергілікті журналистердің айтуынша, шабуыл кезінде телеарна журналистері Айман Әл-Джади, Фейсал Әбу Әл-Кумсан, Мұхаммед Әл-Ладаа, Ибрагим Әл-Шейх Әли және Фади Хассуна осы көлікте ұйықтап жатқан.

Өртенген автокөлік есігінде үлкен әріптермен "TV" және "PRESS" деп жазылған.

Al-Quds Today шабуылды айыптап, бес тілшісі «кәсіби қызметін атқарып жүрген уақытта қаза тапты» деп мәлімдеген.

Израиль әскерилері сектордағы Нусейрат ауданында «содырлар ұясына» шабуыл жасағанын растады.

Журналистерді қорғау комитетінің (CPJ) мәліметінше, былтыр 7 қазаннан бері Газа секторында, Батыс жағалауда, Израиль мен Ливанда кем дегенде 141 журналист пен БАҚ қызметкері қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2205191-izrailding-gazadagy-soqqysynan-bes-zhurnalist-qaza-tapty/