Top.Mail.Ru

Зектілері

Йеменде әуежайға шабуыл жасалды: ДДСҰ бас директоры оқиғаны көзімен көргенін мәлімдеді (видео)

Жарияланған күні:

Израильдің Йеменге шабуылы
Сана әуежайынан шыққан түтін. Фото: x.com/mamashami

Йемендегі Сана халықаралық әуежайына шабуыл жасалды. Шабуыл кезінде нысанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус болғаны белгілі болды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалында.

Бүгін әлеуметтік желілерде Сана халықаралық әуежайында болған шабуылдың видеолары тарады.

Куәгерлердің айтуынша, әуежайға Израиль шабуыл жасаған. Видеоларда әуежай аумағынан түтін шығып, адамдардың үреймен жан-жаққа жүгіріп жатқанын көруге болады.

Біраз уақыттан кейін Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) өзінің Telegram-дағы арнасында елдің әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары Йемендегі әскери нысандарға шабуыл жасағаны туралы ақпаратты растады.

"ЦАХАЛ соққы жасаған нысандарға Сана халықаралық әуежайы, Хезяз және Рас Канатиб электр станциялары сияқты хуситтік лаңкестік режимнің әскери әрекеттері үшін пайдаланатын әскери инфрақұрылым кіреді. Сонымен қатар Израиль армиясы Ходейда, Салиф және батыс жағалаудағы Рас-Канатиб порттарындағы әскери инфрақұрылымға соққы берді", - делінген хабарламада.

Шабуыл кезінде ДДҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус әуежайда болған. Ол X (бұрынғы Twitter) платформасындағы парақшасында оқиға туралы былай деп жазды:

"Біз екі сағат бұрын Санадан ұшатын рейсімізге отыра бастағанда әуежайға әуе соққысы жасала бастады. Біздің ұшақ экипажының бір мүшесі жарақат алды.

Әуежайда кем дегенде екі адамның қаза тапқаны хабарланды. Біз тұрған жерден бірнеше метр жерде әуе қозғалысын басқару мұнарасы, ұшып шығу залы және ұшу-қону жолағы бүлінген. Енді елден ұшып кету үшін әуежайдың зақымдануы жөнделгенше күтуіміз керек", - деп жазды Гебрейесус.

Арабтілді БАҚ 9 қазанға қараған түнде Израиль әскерилері Сирия астанасы Дамаскке шабуыл жасағанын жасағанын жазған болатынбыз. Қаза болғандар туралы ақпарат бар.

АҚШ пен Ұлыбританияның ұшақтары мен әскери кемелері алғаш 12 қаңтар күні Йемендегі көтерілісші хуситтер тобына шабуылдады. Олар кейінгі уақытта Иран мемлекетінің қолдауымен Қызыл теңіздегі коммерциялық кемелерге соққы бере бастаған еді.

Келесі күні БАҚ-та америкалық және британиялық әскерилер Йемен астанасы - Сана қаласына тағы соққы жасағаны туралы ақпарат тарады. Онда да жараланғандар мен қаза тапқандар болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2205821-iemende-auezhaiga-shabuyl-zhasaldy-ddsu-bas-direktory-oqigany-kozimen-korgenin-bir-ekipazh-mushesi-zharalanganyn-malimdedi-video/