Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: АҚШ пен Ұлыбритания Йемен астанасына әуеден тағы соққы жасады

Опубликовано:

Әскери ұшақ АҚШ-тың әскери-теңіз күштері кемесінен ұшып шығуда
Әскери ұшақ АҚШ-тың әскери-теңіз күштері кемесінен ұшып шығуда. Фото: U.S. Central Command (CENTCOM)/Anadolu via Getty Images

БАҚ-та америкалық және британиялық әскерилер Йемен астанасы - Сана қаласына тағы соққы жасағаны туралы ақпарат тарады. Бірінші соққы 12 қаңтарға қараған түні жасалған еді.

Йемен астанасына тағы әуе шабуылы жасалғанын алғашқылардың бірі болып жергілікті Al Masirah телеарнасының тілшілері хабарлады.

РИА Новостидің жазуынша, қалалық әкімшіліктегі дереккөз де АҚШ пен Ұлыбритания әскерилері Сана қаласына тағы соққы жасағанын мәлімдеген. Дереккөздің мәліметінше, бұл жолы да соққы Йемен астанасының солтүстігінде орналасқан Ад-Длейми авиация базасына жасалған.

Fox News телеарнасы тілшілерінің хабарлауынша, АҚШ әкімшілігіндегі шенеунік америкалық әскерилер сенбіде Йеменге тағы соққы жасағанын растаған.

Шабуылдың Иранның қолдауына ие болып отырған йемендік хуситтер жұмада кеме қатынайтын халықаралық жолмен баллистикалық зымыран ұшырғаннан кейін жасалғаны айтылады.

Йемендегі жағдай

12 қаңтарға қараған түні АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі хуситтердің әскери нысандарына соққы жасады. Олар кейінгі уақытта Иранның қолдауына ие бола отырып, Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуыл жасай бастаған еді.

Бұдан кейін қақтығыс аймағындағы жағдай және бұл қақтығысты әлем қалай қабылдағаны туралы жазған едік.

Ресей АҚШ пен Ұлыбритания әскерінің Йемен аумағына жасаған зымыран соққыларын айыптады. Елдің бұл ұстанымын президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жеткізді.

АҚШ пен Ұлыбританияның йемендік хуситтерге түнгі соққыларынан кейін мұнай құны өсіп кетті.

Ал елдегі жағдайға байланысты қазақстандық әуекомпанияларға Йеменді айналып өтуге кеңес кеңес берілді.

Сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский йемендік хуситтер украиналық төрт теңізші тұтқынға алғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2055306-baq-aqs-pen-ulybritaniya-iemen-astanasyna-tagy-aueden-soqqy-zasady/

pixel