Azerbaijan Airlines компаниясының Ресейге бет алған ұшағы Бакуге оралуға мәжбүр болды
Жарияланған күні:
Әзербайжан ақпарат құралдарының хабарлауынша, AZAL әуе компаниясының Баку – Минеральные воды бағытымен әуеге көтерілген ұшағы әуежайға қайта оралуға мәжбүр бұлды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Day.az мәліметінше, Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі J2-8717 лайнерінің капитаны Баку – Минеральные Воды рейсін орындау үшін әуеге көтеріліп, артынша Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға қайта оралған.
Report басылымы да осындай мәлімет таратты. Хабарларға қарағанда, ұшақ командирі Махачкала әуе кеңістігі жабылғаны туралы NOTAM ескертуін алып, бірден Бакуға қайтқан.
Жолаушы ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 10:13-да (Астана уақытымен сағат 11:13 - ред.) әуежайға қонған.
Екі басылым да мәліметті AZAL әуе компаниясының өзінен алған.
Айта кетейік, бұған дейін AZAL Минводы, Сочи, Волгоград, Уфа, Самара, Грозный және Махачкалаға рейстерді тоқтататыны хабарланды.
Одан бөлек, бір күн бұрын Azerbaijan Airlines әуе апатының себептерін тергеу аяқталғанша Бакуден Грозный мен Махачкалаға ұшуды уақытша тоқтатқанын хабарлаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2206014-azerbaijan-airlines-kompaniiasynyng-reseige-bet-algan-ushagy-bakuge-oraluga-mazhbur-boldy/