АҚШ Киевке шамамен 2,5 млрд доллар көмек жібереді
Жарияланған күні:
АҚШ президенті Джо Байден Украинаға шамамен 2,5 млрд доллар әскери көмек жолдағанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Мен бүгін Украинаға қауіпсіздік саласы үшін шамамен 2,5 миллиард доллар көмек бөлгенімді мақтанышпен жариялаймын, себебі украин халқы тәуелсіздігі мен еркіндігін Ресей басқыншылығынан қорғап жатыр", - деп мәлімдеді Байден.
Құрама Штаттар Киевке тағы бір көмек аударатынын осының алдында Украина президенті Владимир Зеленский де растаған.
"Американың Украинаны қолдау үшін маңызды шешім дайындап жатқанын білемін. Жауынгерлерімізге елеулі көмек туралы ресми түрде ертең жарияланады", - деген украин президенті жексенбідегі үндеуінде.
Америкалық басылымдар Құрама Штаттардың кезекті көмегіне қару-жарақ, соның ішінде NASAMS және HAWK әуе қорғанысы жүйесінің зымырандары кіретінін хабарлаған. Бұған қоса, Киев АҚШ-тан Stinger зымырандарын, 155 және 105 мм калибрлі артиллериялық снарядтар алуы мүмкін.
Жергілікті басылымдар АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі 20 қаңтарда билікті Дональд Трампқа тапсырғанша, Украинаға мейлінше көп көмек беруге ұмтылып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2206911-aqsh-kievke-shamamen-2-5-mlrd-dollar-askeri-komek-zhiberdi/