Ресейлік БАҚ Мәскеуде Арменияның бұрынғы қорғаныс министрі ұсталғанын хабарлады
Опубликовано:
Арменияның бұрынғы қорғаныс министрі Аршак Карапетян Мәскеуде ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РБК" сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Басылымға экс-министрдің ұсталғанын Ресей ІІМ-дегі дереккөз растаған. Бұған дейін осындай мәліметті 112 Telegram-арнасы таратқан.
Мәліметтерге қарағанда, Карапетян 29 желтоқсанда Мәскеу орталығында ұсталған.
Бұрынғы шенеуніктің не себепті ұсталғаны әзірге белгісіз.
Аршак Карапетян 57 жаста. Ол 2018-2021 жылдар аралығында армян премьер-министр Никол Пашинянның кеңесшісі қызметін атқарып, 2021 жылғы тамызда қорғаныс министрі қызметіне тағайындалған. Карапетян үш айдан кейін жұмыстан шығарылып, 15 қарашада оның орнына Сурен Папикян келген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2206925-reseilik-baq-maskeude-armeniianyng-buryngy-qorganys-ministri-ustalganyn-habarlady/