jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Германия Илон Маскты сайлауға ықпал жасауға талпынды деп айыптады

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Axelle/Bauer-Griffin/FilmMagic

Дүйсенбі күні Германия үкіметі миллиардер Илон Маскты 2025 жылы ақпанда өтетін сайлауға ықпал жасауға талпынды деп айыптады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

АҚШ-тың жаңа сайланғанған президенті Дональд Трамптың жаңа әкімшілігінде сыртқы саясат кеңесшісі ретінде жұмыс істегелі жатқан Маск жақында Welt am Sonntag газетіне мақала жариялап, "Германия үшін жаңа жол" асыра оңшыл партиясына қолдау білдірген. Миллиардер осы партияны Германияның "соңғы үміті" деп атаған.

Германия үкіметі өкілінің мәлімдеуінше, Илон Маск Х әлеуметтік желісіндегі жазбалары мен авторлық мақалаларының көмегімен федералдық сайлауға шынымен ықпал етуге талпынды. Шенеунік әркім жеке пікірін жариялауға құқылы екенін ескертіп, "түптеп келгенде ой еркіндігі ең үлкен ақымақ ойдың таралуына жол ашады" деп мәлімдеген.

Әлемдегі ең бай адам саналатын Маск "ауқымды инвестициясын" қорғау мақсатында Германия саясаты туралы сөз қозғап, салық пен нарықты реттеуде асыра оңшыл партияның ұстанымын жоғары бағалаған.

Өткен аптада ғана канцлер Олаф Шольцтың коалициялық үкіметі таратылып, 23 ақпанға мерзімінен бұрын парламент сайлауы белгіленген.

Айта кетейік, 20 желтоқсанда Германияда мерекелік жәрмеңке кезінде автокөлік бір топ адамды қаққан уақытта да Маск Шольцты қызметтен алуды ұсынған.

Қоғам пікірін білуге арналған сауалнама нәтижесінде "Германия үшін жаңа жол" партиясы екінші орында келе жатыр. Бірінші орында – оппозициядағы консерваторлар.

Германия Илон Маскты сайлауға ықпал жасауға талпынды деп айыптады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.