jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Ким Чен Ын Путинді "ең жақын досым" деп атады

Владимир Путин мен Ким Чен ЫН
Владимир Путин мен Ким Чен ЫН. Фото: t.me/rian_ru

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдап, оны "ең жақын досым" деп атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Корея орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, Ким Чен Ын өз атынан, корей халқының және республика қарулы күштері сарбаздары мен офицерлері атынан Путинді және Ресей халқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ыстық лебізін білдірген.

"2024 жыл Корея мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынастарды жаңа стратегиялық деңгейге көтерген маңызды кезең болды. Біз халықтарымыздың бейбітшілігі мен гүлденуі жолында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз", - делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Ким Чен Ын 2025 жылды Ресей армиясы мен халқы үшін "21 ғасырдағы ұлы жеңіс жылы" болуын, олардың неонацистерді жеңіп, жаңа биіктерге жетуін тілеген.

Ким Чен Ын Путинді "ең жақын досым" деп атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.