jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Черногорияда атыстан кейін 3 күндік қаралы күн жарияланды

Цетине қаласындағы атыстан кейін
Цетине қаласындағы атыстан кейін. Фото: SAVO PRELEVIC/AFP via Getty Images

Черногорияда Цетине қаласындағы атыстан кейін 3 күн қатарынан қаралы күн болады деп жарияланды. Қайғылы оқиғадан 10 адам көз жұмған. Тағы бірнеше кісі жараланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DW агенттігіне сілтеме жасап.

Deutsche Welle хабарлауынша, шарапханада ер адам оқ жаудырып, кейін атысты көшеде жалғастырған. Құрбандар арасында шарапхана иесі мен оның 2 баласы бар.

Қаскөй оқиға орнынан бой тасалап үлгерген, бірақ кейін табылды. Ұстау кезінде ол өзіне қол жұмсамақ болған. Алған жарақатынан ауруханаға апара жатқанда жан тапсырды.

Vijesti телеарнасының мәліметінше, атыс алдында барда төбелес болған. Полиция аталған жағдайға жанжал, кикілжің себеп болғанын айтып отыр. 

Черногория үкіметі жедел отырыс барысында 2, 3 және 4 қаңтарды қаралы күн деп жариялау туралы шешім қабылдады. Медициналық орталықтан тікелей эфирде сөйлеген премьер-министр Милойко Спаич оқиғаны "трагедия" деп атады. 

Черногорияда атыстан кейін 3 күндік қаралы күн жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.