jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Вашингтонда қалың қар жаууына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Бұрқасын
Бұрқасын. Фото: pexels.com

АҚШ астанасы Вашингтон мэрі Мюриэль Боузер соңғы он жылдағы ең қатты қарлы боранға байланысты төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мэрияның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдай кем дегенде 7 қаңтардан 8 қаңтарға қараған түнге дейін күшінде болады. Осыған орай қала билігі жүргізушілерге көліктерін төтенше қызмет бағыттарында тұраққа қоюға тыйым салып, жолға кедергі келтіретін барлық көліктердің эвакуацияланатынын ескертті.

Сонымен қатар қалалық қызметтер үйсіздер мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін уақытша баспана, жылыту пункттері мен басқа да қажетті ресурстарды ұйымдастыру шараларын күшейтті.

Қала тұрғындарына абай болып, ауа райының қолайсыздығына байланысты көмекке мұқтаж адамдар туралы арнайы сенім телефондарына хабарлау ұсынылды.

CNN бұған дейін, синоптиктерінің болжамына сәйкес, демалыс күндері АҚШ-та соңғы он жылдағы ең ауыр қарлы дауыл болатынын ескерткен еді. Қатты қар, боран және кейбір жылы аймақтарда жаңбыр мен найзағай 62 миллионнан астам адамға қауіп төндірген. Дауыл оннан астам штатқа әсер етуі мүмкін деп хабарланды.

Айта кетсек, былтыр қазан айында Флорида штатының халық тығыз орналасқан Тампа аймағына "Милтон" дауылы қаупі төніп тұрғаны туралы жазған болатынбыз. Бұл штат тарихындағы ең үлкен эвакуациялардың біріне себеп болды.

Осыдан екі жыл бұрын қатты аязға ұласқан қысқы суық пен дамылсыз жауған қар шамамен 250 млн адам тұратын АҚШ аумағының басым бөлігін (ел халқының үштен екісі) қамтығанын еске саламыз.

Вашингтонда қалың қар жаууына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.