jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Қытайдағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 95-ке жетті

Қыйтайдағы жер сілкінісі
Жер сілкінісі орны. Фото: VCG/VCG via Getty Images

Қытайдағы жер сілкінісі салдарынан, расталған деректер бойынша 95 адам қаза тауып, тағы 130 адам жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Қытайдың оңтүстік-батысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 95-ке жетті. Келіп түскен жаңа ақпарат бойынша, тағы 130 адам әртүрлі ауырлықтағы жарақаттар алған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең 20 желтоқсанда Непал шекарасына жақын, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданында магнитудасы 7,1 болатын жойқын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте болған.

Алғашқы сағаттарда қаза тапқандар саны 53 адам деп хабарланған еді. Алайда кейін бұл көрсеткіш артты. Сонымен қатар жарақат алғандар арасында жағдайы ауыр адамдар бары бірден ескертілді.

Көп ұзамай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қытайдағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 95-ке жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.