jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 126-ға жетті

Қыйтайдағы жер сілкінісі
Жер сілкінісі орны. Фото: VCG/VCG via Getty Images

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданында орын алған 6,8 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артып келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа келіп түскен мәліметтерге сәйкес, табиғи апат салдарынан 126 адам көз жұмып, тағы 188 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған.

Жойқын зілзала сейсенбі күні таңертең тіркелді.

Жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19:00-де құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметі зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жатқаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең 20 желтоқсанда Непал шекарасына жақын, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданында магнитудасы 7,1 болатын жойқын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте болған.

Алғашқы сағаттарда қаза тапқандар саны 53 адам деп хабарланған еді. Алайда кейін бұл көрсеткіш артты. Сонымен қатар жарақат алғандар арасында жағдайы ауыр адамдар бары бірден ескертілді.

Көп ұзамай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 126-ға жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.