Зектілері

Түркия қонақүйіндегі өрт: қаза тапқандар саны 76-ға жетті, 9 адам ұсталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Түркиядағы өрт
Түркиядағы өрт. Фото: Mert Gokhan Koc/ dia images via Getty Images

Түркияның Болу провинциясындағы тау шаңғысы курортында болған өрттен қаза тапқандардың саны 76-ға жетті. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігінің басшысы Али Ерликая мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министр мәліметіне сәйкес, төтенше жағдайға қатысты тергеу аясында тоғыз адам ұсталды, оның ішінде қонақүй иесі де бар.

Карталкая демалыс орнында өрт өткен түнде шыққан. Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, 1974 жылы салынған қонақ үйдің ағашпен қапталғаны өрттің тез таралуына ықпал еткен. Аман қалған қонақтардың бірі айтқандай, ғимаратта түтін детекторлары мен өрт сөндіргіштер болмаған.

Қонақ үйде барлығы 237 адам тұрған.

Еске салсақ, бұған дейін Түркияның Карталкая тау шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақүйінде болған өрт салдарынан қаза тапқандар саны бойынша алғашқы болжам айтылып, 51 адам зардап шеккені хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2213901-turkiia-qonaquiindegi-ort-qaza-tapqandar-sany-76-ga-zhetti-9-adam-ustaldy/