Зектілері

Америкалықтарға төлқұжаттарында "Х" жынысын қолдануға тыйым салынды

Жарияланған күні:

АҚШ туы
АҚШ туы. Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ билігі тұрғындарға төлқұжаттарында "Х" жынысын қолдануға тыйым салды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Мемлекеттік департаментке жынысын "Х", яғни өздерін гендерлік-өзгермелі деп санайтындардың барлық төлқұжат өтінімін тоқтатуды бұйырды.

"Құрама Штаттар саясатына сәйкес адамның жынысын өзгертуге болмайды", — делінген мемлекеттік хатшының министрлік қызметкерлеріне арналған электрондық хатта.

Рубио ресми үкіметтік құжаттарда, соның ішінде төлқұжаттар мен шетелде туу туралы консулдық есептерде адамның "гендері" емес, "жынысы" жазылуы керек деп талап етті.

Президент Дональд Трамп дүйсенбіде төлқұжаттарды ұзарту кезінде оларға түзетулер енгізуді талап ететін жарлыққа қол қойды.

Трамптың бұйрығы Ішкі қауіпсіздік министрлігі мен Кадрлық саясат басқармасына да қатысты, олар жынысты атау кезінде кез келген толықтыруларды алып тастап, мемлекеттік құжаттарды түзетуге тиіс.

Бұл әлеуметтік қамсыздандыру карталарына, жүргізуші куәліктеріне және басқа мемлекеттік сәйкестендіру карталарына әсер етуі мүмкін.

Жыныс бойынша "Х" белгісі Джо Байденнің президенттігі тұсында, Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннің басшылығымен жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2214993-amerikalyqtarga-tolquzhattarynda-h-zhynysyn-qoldanuga-tyiym-salyndy/