Дональд Трамп Путинмен кездесуі қай жерде өтуі мүмкін екенін айтты
Жарияланған күні:

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен көптен бергі кездесуі Сауд Арабиясында өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CBS News-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Дональд Трамп Ресей президентімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін, Ақ үйде журналистер алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Трамп Путинмен әңгімесі шамамен 1,5 сағатқа созылғанын айтып, олар Сауд Арабиясында кездесуі мүмкін екенін жеткізді.
DW басылымының жазуынша, журналистермен тілдескен Трамп Украинаның НАТО-ға қосылғысы келетінін мақсатты әрекет деп санамайтынын, ал Ресейдің бақылауына өткен барлық аумақты Киевтің қайтырып алуы "екіталай" деп пайымдайтынын айтқан.
Сондай-ақ РИА Новостидің АҚШ Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сілтеме жасап жазуынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио осы аптада Израиль, Сауд Арабиясы және Бірккен Араб Әмірліктеріне барады. Рубио бұл жерде Газа секторының болашағына қатысты келіссөздер жүргізеді деп күтіліп отыр.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған еді. Кейін Трамп пен Путиннің не туралы сөйлескені белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2220414-donald-tramp-putinmen-kezdesui-qai-zherde-otui-mumkin-ekenin-aitty/