jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Трамптың арнайы елшісі Киевтің президент сайлауын өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Стив Уиткофф
Стив Уиткофф. Фото: Joe Raedle/Getty Images

Украинада кезекті президент сайлауы 2024 жылы өткізілуге тиіс болатын. Алайда бұл елдің заңы бойынша әскери жағдай кезінде қандай да бір дауыс беру шараларының өтуіне тыйым салынған, деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған Kazinform.

"Олар бұған келісті, Украинада сайлау болады", - деді Стив Уиткофф Такер Карлсонға берген сұхбатында.

Уиткофф сонымен қатар Украинаның НАТО мүшесі болмайтынын атап өтті. Бірақ украиналықтармен "бесінші пункт" жөнінде әңгіме болды. Оның талаптары бойынша, НАТО-ның әрбір мүшесі өзге мүшелерден көмек алады. Бұл ретте әңгіме Украина НАТО мүшесі болмаса да осындай көмекті алуға құқылы ма, деген сауал төңірегінде өрбіді.

"НАТО-ға келер болсақ, Зеленский мен оның "оң қолы" Ермак НАТО-ға мүше болмайтынын мойындады деуге болады", - деді арнайы өкіл.

Еске салсақ, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Дональд Трамптың Ресей мен Украинаның 30 күндік мерзімге бітімге келу идеясын қолдап, әскерилерге Украинаның энергетика инфрақұрылымына соққы жасауды тоқтатуға бұйрық бергенін жазған едік.

Трамптың арнайы елшісі Киевтің президент сайлауын өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.