jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 694-ке жетті

Жер сілкінісінің салдары
Жер сілкінісінің салдары. Көрнекі сурет: Anadolu/Getty Images

Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 694-ке жетті. Бұл туралы елдің әскери үкіметі хабарлады, деп жазады Sky News-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Елдің әскери үкіметі ұсынған мәліметтерге сәйкес, Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 694-ке жетті, тағы 1670-і жарақат алды.

Әскери үкімет басшысы 7,7 балдық жер сілкінісінен кейін шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізуді тапсырды", - деп хабарлады британиялық телеарна.

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызда Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,7.

Бұдан кейін магнитудасы 6,4 болатын тағы бір жерасты дүмпуі тіркелген. Жер сілкінісі Таиланд астанасы Бангкокта да сезілген.

Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінің салдарынан ұзындығы бір шақырымнан асатын көпір опырылып түсті. Мьянмада төтенше жағдай жарияланды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма премьер-министріне қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.

Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 694-ке жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.