jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Байлығы 342 миллиард доллар": Forbes әлемдегі ең бай адамды атады

ақша шашып жатқан жігіт
Ақша ұстаған жігіт. Көрнекі фото: Deagreez/Getty Images

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың жаңа тізімін жариялады. Бұл жолы да рейтингте әйгілі америкалық кәсіпкер Илон Маск көш бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Forbes Tesla, SpaceX компанияларының және Х әлеуметтік желісінің иесі Илон Масктың байлығын 342 миллиард доллар деп бағалаған.

Рейтингте екінші орында Meta корпорациясының негізін қалаушы Марк Цукерберг тұр. Оның капиталы 216 млрд доллар көлемінде.

Үздік үштікті Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос түйіндеді. Оның байлығы 215 млрд доллар деп бағаланып отыр.

Сондай-ақ алғашқы үздік бестікке Oracle компаниясының негізін қалаушы Ларри Эллисон (байлығы 192 млрд доллар) және бағалы заттарымен танымал LVMH әлемдік ірі компаниялар тобының бас директоры Бернар Арно (178 млрд доллар) енген.

Сонымен қатар Forbes миллиардері көп елдердің рейтингісін де жариялаған.

Рейтингте 902 миллиардері бар АҚШ көш бастап тұр. Екінші орында Қытай (516 миллиардер), үшінші орында Үндістан (205 миллиардер).

ТОП-5-ке Германия (171 миллиардер) мен Ресей (146 миллиардер) кірген.

Айта кетейік, Forbes тізіміне Қазақстанның ауқатты азаматтары да енген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.