jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Мұнай бағасы 2021 жылдың наурызынан бері алғаш рет барреліне 61 доллардан төмен түсті

Мұнай құбыры
Мұнай құбыры. Көрнекі фото: Antoine Gyori / AGP / Corbis / Getty Images

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы барреліне 61 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана уақыты бойынша сағат 05:55-тегі жағдай бойынша мұнай бағасы барреліне 60,34 долларға дейін түсті. Brent маркалы мұнай 2021 жылдың наурызынан бері алғаш рет барреліне 61 доллардан төмен сатылып жатыр.

8 сәуір кешке Brent маркалы мұнай бағасы 2021 жылдың сәуірінен бері алғаш рет барреліне 62 доллардан төмен түсті.

Сарапшылар мұнай бағасы АҚШ тарифтері аясында төмендей бастады деп түсіндірді. Citi Research сарапшылары Brent маркалы мұнай бағасына алдағы үш айға арналған болжам жасап, бір барреліне 60 долларға дейін төмендейтінін айтты. Goldman Sachs болжауынша, Brent маркалы мұнай 2025 жылдың желтоқсанында барреліне 58 доллардан, келесі жылдың соңына қарай барреліне 55 доллардан саудаланады.

Айта кетейік, АҚШ кедендік баж салығын салған елдер тізімінде Қазақстан да бар, ал Ресей мен Беларусь бұл тізімде жоқ. АҚШ қазынашылығы Ресей мен Беларуське баж салығы салынбауын АҚШ-тың аталған елдермен сауда жасамайтынымен түсіндірді.

Трамптың жаңа тарифтері осы аптада күшіне енеді.

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі өкілдері де АҚШ-тың бірқатар тауарға жаңа кедендік баж салығын енгізуіне қатысты мәлімдеме жасады.

Мұнай бағасы 2021 жылдың наурызынан бері алғаш рет барреліне 61 доллардан төмен түсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.