jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Гудзон өзеніне құлаған тікұшақ: апаттан Siemens филиалының басшысы отбасымен бірге қаза тапты

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Lokman Vural Elibol/Anadolu via Getty Images

Гудзон өзеніндегі қайғылы оқиғаға қатысты тың мәлімет шықты – Siemens компаниясының Испаниядағы филиалының басшысы отбасымен бірге тікұшақ апатынан қаза тапты, деп хабарлайды New York Post-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жергілікті құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сүйеніп хабарлауынша, өзенге құлаған тікұшақтың бортында Агустин Эскобар, оның әйелі және үш баласы болған. Олардың бәрі қайтыс болды. Бұған дейін Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс алты адамның қаза тапқанын растаған болатын.

Сол кезде қала мэрі Испаниядан келген отбасы мен ұшқыш қайтыс болғанын мәлімдеген.

Басылым мәліметінше, ұшқыштың денесі табылғанмен, оған қатысты деректер анықталмады.

Еске салсақ, бейсенбі, 10 сәуір сағат 15:17-де ( Астана уақыты бойынша 11 сәуірде 01:17-де) АҚШ-тың Джерси-Сити қаласында туристер мінген тікұшақ Гудзон өзеніне құлады. Оқыс оқиға салдарынан үш бала мен үш ересек адам қаза тапты.

Гудзон өзеніне құлаған тікұшақ: апаттан Siemens филиалының басшысы отбасымен бірге қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.