Пәкістан Үндістанға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын мәлімдеді
Опубликовано:
Читать на русском
Пәкістан армиясы Үндістанға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Бұл туралы қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздерге сілтеме жасаған Geo.tv хабарлайды. Сондай-ақ бірқатар нысандарға шабуыл жасалғаны да айтылды.
Пәкістан билігі бұл операцияны "Үндістанның арандатушылық әрекеттеріне тікелей жауап ретінде" бастағанын айтады.
Пәкістанның қарулы күштері Үндістанның Сирса қаласындағы аэродромының көзін жойғанын хабарлады. Бұл деректіүнділік БАҚ растап отыр.
Сондай-ақ әскери барлау дайындайтын орталықтың жойылғаны туралы да белгілі болды.
Пәкістандық тараптың мәліметінше, Үндістандағы электр желісінің 70 пайызы істен шыққан.
CNN Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф елдің ядролық және зымыран саясаты жөніндегі жоғары органының отырысын шақырғаны туралы жазды.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, үндістандық БАҚ ресми тұлғаларға сілтеме жасап үш адам оққа ұшқан, оның ішінде Үндістанның жоғары лауазымды шенеунігі ауыр жараланған.
Кейінірек Джамму және Кашмир бас министрі Омар Абдулла Пәкістанның шабуылынан жараланған шенеунік қаза тапқанын хабарлады.
"Біз әкімшілік қызметке адал еңбек еткен қызметкерден айырылдық... Аудандық даму жөніндегі қосымша комиссарымыз Радж Кумар Таппа қаза тапты", - деп келтіреді басылым шенеуніктің сөзін.
Айта кету керек, мамырдың жетісіне қараған түні Үндістан "Синдур" әскери операциясын өткізіп, Пәкістандағы 9 нысанға шабуыл жасады. Үндістанның Қорғаныс министрлігі бейбіт тұрғындар қаза тапқаны және Пәкістан оған жауап ретінде соққы жасағаны туралы ақпарат таратты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2243538-pakistan-undistanga-qarsy-auqymdy-askeri-operatsiia-bastaganyn-malimdedi/