jitsu gif

"Әйелі ұрып жіберді": Макрон әйелімен болған келеңсіз оқиғаға қатысты жағдайды түсіндірді

Эмманюэль Макрон
Эмманюэль Макрон. Фото: Ludovic Marin / AFP via Getty Images

Франция президенті Эмманюэль Макронды Вьетнамға сапары кезінде әйелі Бриджит шапалақпен ұрды, деп хабарлайды Liberation-ға сілтеме жасаған kazinform.kz.

Оқиға Франция президентінің ұшағының есігі ашылған кезде болған. Видеода Макронның бетінен шапалақпен ұрғанын көруге болады. Сәлден соң президент пен бірінші ханым сабырлы түрде ұшақтан түседі.

Елисей сарайы Макрон мен оның әйелі жай ғана "әзілдесті" деп мәлімдеді, бұл олардың ресми іс-шара алдында "тыныштану тәсілі" болды.

Liberation хабарлауынша, Елисей сарайы бұл "конспирация теоретиктерінің назарын аударуға тұрарлық оқиға емес" деп санайды.

Еске сала кетейік, Францияда екінші рет жарық өшкені және оның диверсия болуы мүмкін екенін жеткізді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.