Үндістандағы ұшақ апаты: рейсте қай елдердің азаматтары болған
Опубликовано:
Читать на русском
Бүгін Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмедабад әуежайының маңында бортында 242 адам болған ұшақ апатқа ұшырады. Бұл рейсте қай елдің азаматтары болғаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақпаратты Air India компаниясы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
"Ахмедабадтан 13:38-де көкке көтерілген рейсте, Boeing 787-8 ұшағының бортында 242 адам мен экипаж мүшелері болған. Оның 169-ы Үндістан азаматы, 53-і Ұлыбритания, біреуі Канада, жетеуі Португалия азаматы.
Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп жатыр", - деп хабарлады әуе компаниясы өкілдері.
Сондай-ақ Air India оқиғаны тергеп-тексеріп жатқан билік органдарына толыққанды ынтымақтастық қамтамасыз етілетіні хабарланды.
Еске сала кетейік, Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмедабад әуежайының маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлағанбыз. Бортта, алдын ала мәлімет бойынша, 240-тан астам адам болды.
Ұшақ 12 маусымда көкке көтерілгеннен кейін көп ұзамай құлаған. Апатқа ұшыраған Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы Лондонға бағыт алған еді.
Кейін БАҚ ұшақ апатынан аман қалғандар барын хабарлады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2254801-undistandagy-ushaq-apaty-reiste-qai-elderding-azamattary-bolgan/