Израиль шабуылынан кейін Иранның ең ірі ядролық нысанында жарылыс болды (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Израиль Иранның ядролық бағдарламасының ең маңызды нысаны орналасқан Натанз қаласына жасаған шабуылынан кейін бірнеше жарылыс дыбысы естілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.
Басылымның ирандық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, Натанз қаласында сағат 4:15-те екі жарылыс болды.
БАҚ алғашқы екі жарылыстан кейін тағы бірнеше жарылысқа ұқсас дыбыстар естілгенін, бірақ ол әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің іске қосылуынан шыққан дыбыстар екені айтылған.
Қазір сол аумаққа әскери, қауіпсіздік және көмек агенттіктері жұмылдырылған, деп хабарлайды жергілікті телеарна.
Шамамен таңғы сағат 8-де (Астана уақытымен) БАҚ Натанз қаласындағы ядролық нысанда тағы бір жарылыс болғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, бейсенбі, 12 маусымда Израиль әуе күштері Иранға соққы жасады. Израильдің нені мақсат етіп отырғаны әзірге белгісіз, бірақ БАҚ Тегеранда жарылыстар болғаны туралы жазып жатыр.
Ал АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ-қа бұл шабуыл туралы ескертілгенін, бірақ АҚШ оған қатыспағанын мәлімдеген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2255042-izrail-shabuylynan-keiin-irannyng-eng-iri-iadrolyq-nysanynda-zharylys-boldy-video/