jitsu gif branding logo appbranding logo app

Илон Маск жаңа саяси партия құратынын айтты

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Apu Gomes/Getty Images

Америкалық кәсіпкер, миллиардер Илон Маск жеке саяси партиясын құратынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Илон Маск 5 шілдеде X (бұрынғы Twitter) желісінде жаңа партия құратынын мәлімдеді.

Бұған дейін ол желідегі оқырмандары арасында сауалнама жүргізген. Олардың 65,4 пайызы жаңа партияның құрылуын қолдаған.

"Еліміз ысырап пен жемқорлықтың кесірінен банкротқа ұшырауға шақ қалғалы тұр, біз шын мәнінде демократияда емес, бірпартиялық жүйеде өмір сүріп жатырмыз. Бүгін The America Party сіздердің еркіндігіңізді қайтару үшін құрылды", - деп жазды миллиардер әлеуметтік желідегі аккаунтында.

Бұл бастама Маск пен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы кезекті шиеленіспен тұспа-тұс келді. Миллиардер бұрын Трампты ашық сынаған еді.

Айта кетейік, Илон Маск - әлемдегі ең бай адам (Forbes бағалауы бойынша оның байлығы - 405 млрд доллар).

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.