jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Жапонияда әжелерді "жалға алу" қызметі танымал бола бастады

Тоқып отырған әже
Қария. Көрнекі фото: piqsels.com

Жапонияда егде жастағы әйелдерді сағатына шамамен 3 300 иенге (20 АҚШ доллары) және жолақысына тең қосымша ақыға жалдауға мүмкіндік беретін OK Obaachan (қазақша мағынасы – "Жақсы әжей") қызметі іске қосылды, деп жасады kazinform.kz.

AZƏRTAC агенттігі жапондық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, бұл қызмет 2011 жылы Client Partners компаниясы іске қосқан сәттен бастап кең қолданысқа ие болып, бүгінгі күні оған 60 пен 94 жас аралығындағы 100-ге жуық зейнеткер әйел қатысып отыр. Олар тамақ дайындау, бала қарау, үй шаруасына көмектесу, каллиграфия және басқа да тәжірибелік қолдау түрлерін ұсынады. Сонымен қатар бұл қызметтің аясында эмоционалдық қолдау – жанұялық дауларды реттеуге көмектесу, клиенттерге ажырасу кезінде серік болу немесе ата-аналарға көмек көрсету сынды қызметтер де көрсетіледі.

Аталған бастама Жапония қоғамындағы маңызды өзгерістерді бейнелейді: елде әр төртінші адам 65 жастан асса да жұмысын жалғастырып отыр. Бұл – тек қаржылық қажеттілік емес, сонымен бірге "икигай" деп аталатын өмірлік мағынаны іздеу мен белсенді болуға ұмтылыстың белгісі.

OK Obaachan — Жапонияда соңғы жылдары кең тараған "отбасыны жалға алу" қызметінің бір бөлігі саналады. Бұл қызмет түрлері әлеуметтік оқшаулану мен дәстүрлі отбасылық құрылымдардың өзгеру мәселелерін шешуге бағытталған. Адамдар жалған туыстарды, достарды жалға алып, өз өміріндегі бос кеңістіктерді толтыра алады.

Жапонияда әжелерді "жалға алу" қызметі танымал бола бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.