Саратовта көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылды: қаза тапқандар бар
Опубликовано:
Читать на русском
Бүгін, 25 шілдеде Саратовтағы он қабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, үш адам қаза тапты, бірақ үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, кезекшіге Блинов көшесіндегі үйде төтенше жағдай болғаны туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша сағат 12:12-де түскен.
"Он қабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Оқиға орнында өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Жедел қызмет өкілдері ғимараттың 10-шы қабаттан 1-ші қабатына дейін құлағанын хабарлады. Газ жарылғаннан кейін және қабырға опырылғаннан кейін өрт болмаған
РБК тілшілерінің хабарлауынша, бұрыштағы кіреберістің бір бөлігі опырылған, жетіншіден оныншы қабатқа дейінгі пәтерлер қатты зақымданған. Оқиға орнында өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта үш адам қаза болғаны, бірақ үйінді астында тағы адамдар болуы мүмкін екені хабарланды.
РИА Новости құрбандар арасында бала да бар деп жазады. Үй тұрғындары эвакуацияланды, олар үшін уақытша орналасу пункттері ұйымдастырылды. Көрші ғимаратқа да зақым келген, ішінде адамдар болуы мүмкін.
Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдайға газ жарылуы себеп болған. Оқиғаға байланысты РФ Тергеу комитетінің аймақтық тергеушілері "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ғимарат 2009 жылы салынып, пайдалануға берілгені атап өтілген; онда 5 кіреберіс және 195 пәтері бар.
Telegram желісіндегі Mash арнасы үйінді астынан 10 адамның шығарылғанын, оның ішінде плита басып қалған бес жасар қыздың бар екенін хабарлады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2268954-saratovta-kopqabatty-uiding-bir-boligi-opyryldy-qaza-tapqandar-bar/