jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Өзбекстанның 130 жастағы тұрғыны әлемдегі ең қарт адам атануы мүмкін

Хувайдо Умарова
Хувайдо Умарова. Фото: Өзбекстан Әділет министрліг

Өзбекстанда 130 жастағы Хувайдо Умарова (Тошматова) ресми түрде елдің ең қарт тұрғыны атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Өзбекстан Әділет министрлігінің телеграм арнасы хабарлады.

Министрлік жүргізіп жатқан "Ешкім құжатсыз қалмайды" акциясы аясында Хувайдо Умарованың 1895 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келгені дәлелденген.

Бұған дейін, 1999 жылы берілген төлқұжатында туған күні толық көрсетілмей, оның жасы ресми танылмай келген еді.

Енді Хувайдо Умарова тек Өзбекстанда ғана емес, әлем бойынша ең жасы үлкен адам атануы ықтимал.

Оның туыстары Гиннестің рекордтар кітабына өтініш бере алады. Халықаралық сарапшылар жасын растаған жағдайда, ол тірі адамдардың ішіндегі ең кәрісі болып есептелмек.

Қазіргі уақытта әлемде ең қарт адам ретінде ресми түрде 116 жастағы Ұлыбритания тұрғыны Этель Кэтерэм танылған.

Өзбекстанның 130 жастағы тұрғыны әлемдегі ең қарт адам атануы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.