jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Трамп: Израиль енді білгенін істесін

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Win McNamee/Getty Images

Дональд Трамп енді АҚШ-тың ХАМАС-қа да, Газа халқына да еш жаны ашымайтынын, Израиль не істесе де қолдау білдіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

ХАМАС пен Қатардың соңғы мәлімдемелері АҚШ президентінің ашуына тиген. Осыған дейін Израиль Қатарға шабуылдап, ұйым өкілдерін өлтірген кезде, енді израильдік тұтқындарды тірі көрмейсіңдер деген еді.

"ХАМАС израильдік тұтқындарды "Тірі қалқан" етпекші. Осылайша өздеріне ор қазып жатыр. Сол үшін Израильге тоқтау қоймаймын да. Білгендерін істесін. ХАМАС-ты толық жойып, әр мүшесін өлтірмейінше, қолдау көрсетеміз", - деді Трамп.

Осыны айтқан Трамп бірден Ұлыбританияға аттанды. Лондонда АҚШ президенті Король Чарльзбен кездеспек.

"Өзгелерді Букингем сарайында қабылдаса, тек мені ғана Виндзорға шақырып жатыр. Виндзор – әлемдегі ең керемет патша сарайы. Сондықтан, осыған қарап-ақ, менің дәрежемді түсіне беріңдер. Жалпы, Ұлыбританияда көптеген бизнес-мүддеміз бар. Соларды жайғастыруға бара жатырмын", - деді Трамп.

Бірақ, кенеттен Ұлыбритания тарабы Трампты қапы қалдырды. Әуежайда қарсы алмай, әйелі Мелания екеуін жалғызсыратып қойды. Ал Лондон халқы жаппай наразылық акцияларына шығып, АҚШ президентінің әрекеттеріне қарсы екендерін аңдатты.

Трамп: Израиль енді білгенін істесін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.