jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Зеленский Қазақстанда Путинмен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Anna Moneymaker/Getty Images

Ресеймен келіссөздер қай жерде өтуі мүмкін екені жөнінде сөз қозғаған Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздерді Қазақстанда өткізуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Fox News-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Украина басшысы Fox News арнасына көлемді сұхбат берді. Жүргізуші Зеленскийден оның Ресей президентімен кездесуі қаншалықты мүмкін екені туралы сұрағанда, Зеленский Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге дайын отырғанын растады.

Бұл ретте ол кездесуді Мәскеуде өткізе алмайтынын, бірақ түрлі нұсқаларға дайын екенін атап өтті.

"Біз кездесуді өткізу үшін әр түрлі орындарды ұсындық – Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар, Австрия немесе Швейцария сияқты бейтарап Еуропа, қаласаңыздар, мәселен, Қазақстанда кездесе аламыз", - деді Зеленский.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен болатын. Кездесуде мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кейін Тоқаевпен кездескен Зеленский Қазақстанға алғыс айтты.

Зеленский Қазақстанда Путинмен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.