jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қиранды астында адамдар қалып қойған: Түркияда 7 қабатты ғимарат опырылып түсті (видео)

Түркияда опырылған ғимарат
Түркияда опырылған ғимарат. Кадр: ntv.com

Түркияның Коджаэли қаласында жеті қабатты тұрғын үй құлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қазір оқиға орнында жүзден астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Бұдан басқа полиция мен жедел жәрдем қызметі де жеткен.

Оқиға Коджаэли қаласының Гебзе ауданында болған. Жеті қабатты ғимарат белгісіз себеппен опырылып түскен. Үйдің бірінші қабатында дәріхана болған, ал ғимарат қасында метро құрылысы жүргізіліп жатқан.

Ішкі істер министрі Әли Ерликаяның сөзінше, қиранды астында бес адам қалып қойған деген болжам бар. Құтқару жұмыстарына 147 қызметкер тартылған, олардың қатарында Төтенше жағдайлар басқармасы, жергілікті әкімдік пен үкіметтік емес ұйымдардың мамандары бар. Арнайы техника, дрондар мен іздеу-құтқару иттері де жұмылдырылған.

Коджаэли провинциясының губернаторы Ильхами Акташтың сөзінше, ең басты мақсат адамдарды құтқару болып отыр.

Қиранды астында адамдар қалып қойған: Түркияда 7 қабатты ғимарат опырылып түсті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.