jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Мексикада дүкенде болған өрт салдарынан 23 адам қаза тапты (видео)

Мексикадағы өрт оқиғасы
Мексикадағы өрт оқиғасы. Фото: x.com/nanana365media

Мексиканың солтүстік-батысындағы дүкендердің бірінде болған жарылыс пен өрт салдарынан кемінде 23 адам қаза тауып, тағы 12 азамат ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы шетелдік басылымдарға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ABC News хабарлауынша, Эрмосильо қаласында күнделікті сұраныстағы тауарлар дүкенінде жарылыс болып, соңы өртке ұласты.

Сонора штатының бас прокуроры Густаво Салас Чавестің хабарлауынша, төтенше жағдай салдарынан кемінде 23 адам қаза тапқан. Құрбандардың арасында балалар да бар. Оған қоса тағы 12 адам жарақат алып, қаланың алты ауруханасына жеткізілді.

Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, адамдардың өліміне уытты газбен улану себеп болған.

"Қазіргі уақытта өрттің алдын ала ойластырылып жасалды деп айтуға негіз жоқ", - деді штаттың бас прокуроры.

DW хабарлауынша, өрт тек бірнеше сағаттан соң толығымен өшірген.

Айта кетейік, төтенше жағдай 1 қараша күні, Мексикадағы басты мерекелердің бірі саналатын марқұмдар күнінде орын алған.

Мексикада дүкенде болған өрт салдарынан 23 адам қаза тапты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.