jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

АҚШ 75 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатты: тізімде Қазақстан да бар

Америкалық виза
Америкалық виза. Көрнекі фото: belterz / Getty Images

АҚШ иммиграциялық виза беруді тоқтатқан елдер тізімінде Қазақстан да бар. Тізімге 75 ел кірген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ NBC News-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, АҚШ-та тұрақты тұрғысы келетін шетелдіктерге арналған иммиграциялық виза беру ғана тоқтатылады.

Бұл шешімнің уақытша жұмысшыларға, студенттерге немесе туристерге арналған қысқа мерзімді визаларға қатысы жоқ.

Трамп әкімшілігінің шешімі осы жылдың 21 қаңтарында күшіне енеді және Мемлекеттік департаменттің мәліметі бойынша, "АҚШ жаңа иммигранттардың америкалықтардың есебінен материалдық пайда көрмеуін қамтамасыз ете алғанға дейін" күшінде қалады.

Аталған тізімде Қазақстан да бар.

Айта кету керек, оған Армения, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан да енді.

АҚШ 75 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатты: тізімде Қазақстан да бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.